Навигация

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Жақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру туралы

Жаңалықтар

Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру туралы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 28.10.2019
Оқылды: 101 Печать страницы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда. Аталған өзгерістерге сәйкес «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап тізілімінен алып тастау жоспарлаунуда.

Осыған орай, бұл өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын талап етуге тыйым салынады. Әр-бір азамат өзінің тіркелген мекен-жайын электрондық үкімет egov.kz порталындағы жеке кабинетінен eGov mobile қосымшасы арқылы тексере алады.

Осылайша, әртүрлі ұйымдар: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтар, елшіліктер мен консулдықтар, Трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдар – Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын ешбір жағдайларда талап етпеуі тиіс.