Навигация

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Жақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Хабарландырулар » Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Текелі қалалық мәслихатының ХАБАРЫ

Хабарландырулар

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Текелі қалалық мәслихатының ХАБАРЫ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 29.11.2018
Оқылды: 321 Печать страницы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Алматы облысының Текелі қалалық мәслихаты аумақтық және 18 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыратыны туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен учаскедегі сайлаушылардың санына байланысты айқындалды.

Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2018 жылдың 30 қарашасынан бастап 2018 жылдың 20 желтоқсанына дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

  1. сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер.
  2. тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімдерінен үзінді;
  3. саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
  4. кандидаттартың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері;

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2018 жылдың 20 желтоқсанына дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

 

Текелі қалалық мәслихаты

 

Калиновский Николай Васильевич - Текелі қалалық мәслихатының хатшысы. Мәслихаттың орналасқан жері: Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34.

Жауапты тұлға - Менісов Бақытжан Зәпірұлы, каб. № 48, қалааралық телефон коды (872835), қызметтік телефон 4-44-02, ұялы телефоны 8777 814 75 36, факс нөмірі 4-26-56, электрондық почта мекенжайы: maslihat.tekeli@mail.ru

 

Қалалық мәслихат қалалық сайлау комиссиясының және 18 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды.

 

р/с №

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

Қалалық сайлау комиссиясы

1

 

Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34/28

7

Учаскелік сайлау комиссиялары - 18

1

№ 1023

Текелі қаласы, О.Кошевой көшесі, №6, №2 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен

5

2

№ 1024

Текелі қаласы, Д.Қонаев көшесі, №378, «Алатау Мрамор» ЖШС

5

3

№ 1025

Текелі қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, №50, №1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен

7

4

№ 1026

Текелі қаласы, Д.Қонаев көшесі, №198, «Каскад» ЖШС

5

5

№ 1027

Текелі қаласы, Жеңіс көшесі, №6, №2 балабақша

5

6

№ 1028

Текелі қаласы, Жеңіс көшесі, №10, №8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен

9

7

№ 1029

Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі, №23, №5 орта мектебі

7

8

№ 1030

Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі, №11, Текелі қаласы әкімінің мәдениет үйі

9

9

№ 1031

Текелі қаласы, М.Әуезов көшесі, №1, №3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен

9

10

№ 1032

Текелі қаласы, Достық көшесі, №31, №6 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен

7

11

№ 1033

Текелі қаласы, Достық көшесі, №54, ЖК «Ержанов Ж.» жекеменшік балабақшасы

7

12

№ 1034

Текелі қаласы, Д.Қонаев көшесі, №81, «Текелі Газсервис» ЖШС

7

13

№ 1035

Текелі қаласы, Ә.Қастеев көшесі, №8, №4 орта мектебі

9

14

№ 1036

Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі, №25, «Текелі қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК

5

15

№ 1037

Текелі қаласы, Стадионная көшесі, №41, «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ

5

16

№ 1038

Текелі қаласы, №2091 әскери бөлімінің «Текелі» шекара бекеті

5

17

№ 1039

Текелі қаласы, Рудничный ауылы, Бейбітшілік көшесі, №58, №7 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен

5

18

№ 1040

Текелі қаласы, Рудничный ауылы, №2091 әскери бөлімінің «Рудничный» шекара комендатурасы

5

 

 

Текелі қалалық

мәслихатының хатшысы                                       Н. Калиновский