Навигация

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Жақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Хабарландырулар » Текелі қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша к...

Хабарландырулар

Текелі қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 16.01.2019
Оқылды: 234 Печать страницы

           Текелі қалалық мәслихаты  Текелі қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарлайды (жұмыс тобының сандық құрамы: 5 мүше коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар, 2 мүше мемлекеттік органдардың өкілдері).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы хабарландыруға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттарды тапсыру мерзімі - осы хабарлама жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

         Текелі қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша  жұмыс тобына кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган - Текелі қалалық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі 34, индекс 041700, электрондық поштаның мекенжайы - maslihat.tekeli@mail.ru

 

 

 

 

Текелі қаласының мәслихатына

____________________________________________тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен

____________________________________________
______________________
(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке
куәлік № ____, берілді (қашан,
кім))

Өтініш

Текелі қалалық қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне қосу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

       1) __________________________________________________________

   2) _______________________________________________________

   3) _______________________________________________________

          4) ___________________________________________________________

5) _____________________________________________________

6) ___________________________________________________ _

     7) _______________________________________________________

 

Байланыс телефонының нөмірі: 

(жұмыс тобының отырысы туралы хабарлау үшін )

 

 

20___ ж. «____» ___________                                         Өтініш берушінің қолы _______________