Навигация

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Жақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Хабарландырулар » Текелі қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы ХАБ...

Хабарландырулар

Текелі қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 08.02.2019
Оқылды: 209 Печать страницы

Текелі қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

          Текелі қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес, Текелі қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізілетінін хабарлайды (консультативтік-кеңесші, байқаушы орган).

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

  1. Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) коммерциялық емес ұйымның әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

3) кандидаттың жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

4) кандидаттың Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін растайтын құжаттар (халыққа қызмет көрсету орталығынан кандидаттың мекенжай анықтамасы, кандидаттың сотталғандығының болмауы туралы анықтамасы. Денсаулық сақтау ұйымдарынан кандидаттың психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты есепте тұрмағандығы туралы анықтамалар) ұсынылады.

Белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар Қоғамдық кеңеске сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Құжаттарды ұсыну мерзімдері: (10 жұмыс күн) 2019 жылғы ақпан айының 8-нен 21-не дейін (қоса алғанда)

Текелі қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган - Текелі қалалық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі 34, индекс 041700, электрондық поштаның мекенжайы - maslihat.tekeli@mail.ru, байланыс телефондары: 4 26 56, 4 44 02.

 

                              Текелі қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы