Навигация

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Жақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Баннеры

Негізгі » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

Текелі қалалық мәслихат хатшысының
2018 жылғы «29» желтоқсандағы №25

өкіміне қосымша

 

«Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1.Жалпы ережелер

 

  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: қалалық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдаулық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты  әзірлеушінің атауы: «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» ММ (бұдан әрі - Аппарат).

 

2. Қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың іс-әрекет қағидалары

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға қатысты салада:

  1. заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын  басшылыққ алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау.
  2. кез келген мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу үшін шаралар қолдану.
  3. жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу.
  4. жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбау.
  5. жоғары кәсіби жұмыс үшін қажетті күш-жігерін салу, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді және басқа құзырлы әдістерін қолдану.
  6. қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру.
  7. қызметтік жағдайын асыра пайдалануға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бюрократизм көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға, дөрекілікке жол бермеу.
  8. жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету.
  9. қолдау және әріптестерінен құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауын талап ету.

4. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

  1. Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтау.
  2. құпиялықты сақтау, қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз ету.
  3. кәсіби (қызметтік) әдептілікті сақтау.
  4. өзге тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасауға итермелеген жағдайда Текелі қалалық мәслихат хатшысына, уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу жазбаша түрде хабарлау.
  5. мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау, берілген өкілеттіктерді тиімді иелену, өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану.
  6. лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу.
  7. жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау.
  8. үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе жақтаудан, сондай-ақ олардың атынан әрекет жасаудан аулақ болу.
  9. басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне заңсыз араласпау.
  10. әріптестеріне және басшыларға белгіленген өзара қатынас тәртібін бұзатын, олардың бейтарап қызметтік шешім қабылдауына әсер етуі мүмкін өтініштермен жүгінуден аулақ болу.

5. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:

  1. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына түсіндірме жазбаны қоса тіркеп, сараптамалық қорытынды алу үшін міндетті түрде жолдау, оның ішінде аталған жобаны мүдделі  мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде жолдау.
  2. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңесте қаралғанға дейін міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда жариялау.

6. Тіршілік әрекеті саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де қарым-қатынастар кезінде:

  1. жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау және оларға қатысты қажетті шаралар қабылдау.
  2. қарамағындағы қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адами қасиеттерін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу.
  3. басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтер ұсыну.
  4. мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, мүлікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану.
  5. ұжымды іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орындау мен нығайтуға ықпал ету.
  6. өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жағдайлары туралы аппарат басшысына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлау.

7. Өзге шектеулер мен тыйымдар:

  1. Конституцияны және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнама талабын сақтау.
  2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау.
  3. Текелі қалалық мәслихаты хатшысының өз лауазымдық уәкілеттілігі шегінде шығарған өкімдерді орындау.
  4. әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар бермеу.
  5. қызметтік өкілеттілігін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдамау.
  6. басқа адамдарды сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасауға итермелемеу және ынталандырмау.
  7. мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе пайда табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау.