Навигация

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Жақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Баннеры

Негізгі » Верхняя навигация » Маслихат аппараты » Қызметтік нұсқаулықтар

Қызметтік нұсқаулықтар

 

«Текелі қалалық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысының

қызметтік нұсқаулығы

Е-2 санаты (№ 01-01)

1. Жалпы ережелер

1.1. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы өз функционалдық қызметтерін атқару барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, мемлекеттік мекеме туралы ережені, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы қызметтік нұсқаулықты басшылыққа алады. Өзінің функционалдық міндеттерін атқару үшін тиісті көлемде мемлекеттік тілді меңгеруге, басқа да қажетті білімді иеленуге міндетті.

2. Аппарат басшысының құқықтары

2.1. Қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарын жасауына және талқылауына қатысу.

2.2. Аппарат жұмысын басқаруға, аппаратқа жүктелген функционалдық міндеттерінің орындалуына жауап беру, қызметкерлердің жұмысын үйлестіру, өзінің қызметтік құзыретінде мемлекеттік бірыңғай саясатты іске асыру.

2.3. Сұраныс жіберіп, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер алу.

2.4. Кәсіби деңгейін арттыру үшін қайта даярлау және біліктілігін көтеру курстарында оқу.

2.5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Аппарат басшысының міндеттері

3.1. Мемлекеттік мекеменің жұмысын жоспарлауға және ұйымдастыруға.

3.2. Аппарат қызметкерлерінің қызмет бабын бөліп беруге, жұмысын және еңбек тәртібін қамтамасыз етуге.

3.3. Депутаттардың, тұрақты комиссиялардың, мәслихат хатшысының, атқарушы органдардың ұсыныстарын зерттеп қалалық мәслихаттың жылдық жоспарын жасау, ол мәслихат хатшысымен бекітілген соң оның орындалуын қадағалау.

3.4. Қалалық мәслихат хатшысының рұқсаты бойынша сессияда қаралатын мәселелер туралы тиісті органдардан және лауазымды тұлғалардан керекті материалдарды сұратып алу.

3.5. Қалалық мәслихат сессиясын дайындауға және өткізуге байланысты жұмыстарды ұйымдастыру.

3.6. Мәслихат Регламентінің орындалуын қамтамасыз ету және бақылау.

Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарауға, азаматтардың қабылдауын жүргізуге.

3.7. Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк мүлiктi тек қызметтiк мақсатта пайдалануға.

3.8. Техникалық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуге.

3.9. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуге.

3.10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға.

4. Аппарат басшысының жауапкершілігі

4.1. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы өзіне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда, лауазымдық құзыретті асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметте жүріп «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген шектеулерді, қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

 

«Текелі қалалық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесі бас маманының

қызметтік нұсқаулығы

Е-4 санаты (№ 01-02)

  1. Жалпы ережелер

1.1.Бас маман өз жұмысында, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының «Президенті туралы», Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы», өз лауазымының мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің нормативтік құқықтық актілерін, лауазымдық нұсқаулықты, Мәслихаттың Регламенті мен Ережесін басшылыққа алады.

1.2. Қалалық мәслихат хатшысының, аппарат басшысының тапсырмаларын орындайды.

2. Бас маманның құқықтары

2.1.Қазақстан Республикасының Конститутциясымен кепілдік беретін құқықтармен пайдалану.

2.2.Осы лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттердің орындауына байланысты жұмысты жетілдіру үшін ұсыныс беру.

3.Бас маманның міндеттері

3.1.Мәслихат шешімдері, мәслихат хатшысының өкімдері, нормативтік құқықтық актілері және басқада құжаттардың қолданыстағы заңдарға сәйкес болуын, мәслихат қызметіне қатысты келісімдер және хат-хабарлардың құқықтық негізделуін іске асыру;

3.2.Нормативтік құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу, оларды мемлекеттік тіркеуден өткізуге дайындау;

3.3.Мәслихат аппаратының мүдделерін сотта және басқа да органдарда қорғау.

3.4.Депутаттардың кезекті, кезектен тыс сессияларына қатысуын қамтамасыз ету;

4.Бас маманның жауаптылығы

4.1. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы өзіне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда, лауазымдық құзыретті асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметте жүріп «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген шектеулерді, қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

 

«Текелі қалалық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесі бас маманының

қызметтік нұсқаулығы

Е-4 санаты (№ 01-03)

1. Жалпы ережелер

1.1. Бас маман өз жұмысында, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының «Президенті туралы», Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы», өз лауазымының мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің нормативтік құқықтық актілерін, лауазымдық нұсқаулықты, Мәслихаттың Регламенті мен Ережесін басшылыққа алады.

2. Бас маманның құқықтары

2.1.Қазақстан Республикасының Конститутциясымен кепілдік беретін құқықтармен пайдалану.

2.2.Осы лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттердің орындауына байланысты жұмысты жетілдіру үшін ұсыныс бер

3. Бас маманның міндеттері

3.1.Мәслихаттың аттестациялық, тәртіптік, еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамаларын және оған қатысты құжаттарын дайындау.

3.2.Мәслихат аппаратының істеріне номенклатура қалыптастырып, құжаттарды мұрағатқа өткізу;

3.3.Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген баспа-бланк өнімдерін дайындауға ұсыныс енгізу, олардың есепке алуын қамтамасыз ету;

3.4.Азаматтардың жеке сұрақтары бойынша мәслихат хатшысының қабылдауын ұйымдастыру, азаматтар мен заң тұлғаларының өтініштерін тіркеу;

3.5.Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қалыптастырылғанда ұсыныс жасау;

3.6.Негізгі құралдарды есептен шығаруға құжаттарды дайындау;

3.7.Қалалық мәслихаттың құжаттарын бұқаралық-ақпарат құралдарына жариялануын қамтамасыз етеді.

3.8.Сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырады.

4. Бас маманның жауаптылығы

4.1. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы өзіне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда, лауазымдық құзыретті асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметте жүріп «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген шектеулерді, қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

 

«Текелі қалалық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесі бас маманының

қызметтік нұсқаулығы

Е-4 санаты (№ 01-04)

1. Жалпы ережелер

1.1.Бас маман өз жұмысында, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Мәслихаттың Регламенті мен Ережесін, Мәслихат хатшысының өкімдерін, лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

1.2.Қалалық мәслихат хатшысының, аппарат басшысының тапсырмаларын орындайды.

2. Бас маманның құқықтары

2.1.Қазақстан Республикасының Конститутциясымен кепілдік беретін құқықтармен пайдалану.

2.2.Осы лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттердің орындауына байланысты жұмысты жетілдіру үшін ұсыныс беру.

3. Бас маманның міндеттері

3.1.Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі ережелері бойынша ұйымдастыра білу, қаржылық кірістің есебін қамтамасыз ету, товарлы материалдық құндылықтар мен негізгі қаражат, сол сияқты бухгалтерлік есепті уақытылы жасай білу, шығыстар сметасын орындау, мәслихат аппаратының қызметіндегі шаруашылық-қаржылық қорытындыларын нақты есептеу, жалақыны есептеу және жергілікті бюджетке төлемдерді дер кезінде аудару.

3.2.Мәслихат аппараты бойынша бухгалтерлік есеп беруді жүргізу, оларды тиісті органдарға белгіленген мерзімде өткізу, бухгалтерлік құжаттарды сақтау, оларды тиісті мерзімде толтыру және мұрағатқа өткізу.

4.Бас маманның жауапкершілігі

4.1. «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы өзіне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда, лауазымдық құзыретті асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметте жүріп «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген шектеулерді, қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады

 

«Текелі қалалық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесі жетекші маманының

қызметтік нұсқаулығы

Е-5 санаты (№ 01-05)

1. Жалпы ережелер

1.1.Жетекші маман, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының «Президенті туралы», Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы», «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Мәслихаттың Регламенті мен Ережесін, Мәслихат хатшысының өкімдерін, лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

1.2.Қалалық мәслихат хатшысының, аппарат басшысының тапсырмаларын орындайды.

1.3.Бас маман Г. Қапалова уақытша болмаған кездегі аралықта жұмысын орындайды.

2. Жетекші маманның құқықтары

2.1.Қазақстан Республикасының Конститутциясымен кепілдік беретін құқықтармен пайдалану.

2.2.Осы лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттердің орындауына байланысты жұмысты жетілдіру үшін ұсыныстар беру.

3. Жетекші маманның міндеттері

3.1.Мәслихат хатшысының негізгі қызметі бойынша өкімдердің жобасын дайындау;

3.2.Мәслихат аппаратындағы іс қағаздарын жүргізу, уақытында кіріс, шығыс құжаттарын тіркеу, құжаттарды орындау мезгілін бақылауды жүзеге асыру;

3.3.Бос лауазымдық әкімшілік мемлекеттік қызметке тағайындау бойынша конкурстық комиссия отырыстарының хаттамаларын және оған қатысты құжаттарын дайындау.

3.4.Мемлекеттік қызметшілердің табыстары мен мүлкі туралы декларация өткізуін, ант қабылдауын қамтамасыз ету.

3.5.Жұмыс уақытын есепке алу тізімдігін жүргізу, қызметшілердің демалыс кестесін бекітуге дайындау.

3.6.Мәслихатың кадр мәселелері жөніндегі құжаттарын дайындау, аппарат қызметкерлерінің еңбек кітапшаларымен жеке бастары туралы іс қағаздарын жүргізу;

3.7.Мәслихат аппаратының қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін, депутаттардың куәлігін рәсімдеу.

3.8.Мәслихат аппаратының жұмыс сапасы мен еңбек тиімділігін бағалауын жүргізу.

4. Жетекші маманның жауаптылығы

4.1.Мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтау.

4.2.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексінде белгiленген қызметтiк нормаларын сақтау.

4.3.Қызметтік міндеттерін адал және әділ орындау.