Навигация

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Жақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 31

Баннеры

Негізгі » Верхняя навигация » Қоғамдық кеңесі » Ереже

Ереже

Текелі қалалық мәслихатының
2019 жылғы 4 наурыздағы
№ 34-209 шешіміне 2 қосымша

 

 

Текелі қалалық Қоғамдық кеңесі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

  1. Осы Текелі қалалық Қоғамдық кеңесі туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» үлгілік ереже негізінде әзірленді.
  2. Текелі қалалық Қоғамдық кеңесі - жергілікті өкілді орган басшысы (Текелі қалалық мәслихатының хатшысымен) құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
  3. Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.
  4. Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.


2. Текелі қалалық қоғамдық кеңесін қалыптастыру

  1. Қоғамдық кеңес Заңмен көзделген тәртіппен қалыптастырылады.
  2. Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде құрылады, автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл Заңда көзделген тәртіппен іске асырылады.
  3. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге Текелі қалалық Қоғамдық кеңесі жатады. Бұл ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңес функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.
  4. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.


3. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі

  1. Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) қалыптастырады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

  1. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын жергілікті өкілді органның басшысы (Текелі қалалық мәслихатының хатшысы) өзі дербес айқындайды. Бұл кезде мемлекеттік органның басшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.
  2. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
  3. Жұмыс тобының сандық құрамын Текелі қалалық мәслихатының хатшысы айқындайды.
  4. Қалалық мәслихат жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырады.
  5. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде қалалық мәслихатқа жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жібереді.
  6. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
  7. Қалалық мәслихат құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жұмыс тобына кандидаттардың тізімін қалыптастырады. Кандидаттар тізімін құру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен жұмыс тобының отырысын өткізеді.
  8. Текелі қалалық мәслихатының хатшысы (бұдан әрі - жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.
  9. Отырыста осы Ереженің 13 және 14-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидаттарды талқылауды жүргізіледі. Кандидаттарды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидаттар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жұмыс тобының құрамына сайланған болып табылады.Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.
  10. Жұмыс тобының құрамы Текелі қалалық мәслихат хатшысының өкімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.
  11. Жұмыс тобының құрамы қалалық мәслихаттың ресми интернет-ресурсында жарияланады.


4. Жұмыс тобының өкілеттіктері

  1. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
  1. тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
  2. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
  3. Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;
  4. Текелі қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже жобасын әзірлейді.


5. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу

  1. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде үш жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелері туралы құлақтандырады.
  2. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
  3. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.
  4. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
  5. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
  6. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес келесі мәліметтерді жариялайды:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметі.

  1. Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.
  2. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
  3. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы қалалық мәслихаттың шешімімен бекітіледі және Қоғамдық кеңес құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы және (немесе) қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.
  4. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.
  5. Жұмыс тобы кезекті құрамдағы Қоғамдық кеңес өкілеттілігінің толық мерзіміне құрылады.
  6.  Өзі болмаған уақытта Қоғамдық кеңес төралқасының бір мүшесіне төрағаның міндетін атқару құқығын береді.


6. Өтпелі және қорытынды ережелер

  1. Осы Ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен регламенттеледі.

35. Жергілікті қоғамдастық жиналысы Қоғамдық кеңестің функцияларын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады.